Accessibility links

Порошенко сепаратистермен бітім мерзімін 72 сағатқа ұзартты


Украина президенті Петр Порошенко. Страсбург, 26 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина президенті Петр Порошенко. Страсбург, 26 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина президенті Петр Порошенко "үкіметтің елдің шығысындағы атысты тоқтата тұру мерзімін 72 сағатқа ұзартқанын" мәлімдеді.

Мәлімдеме 17 маусым күні кешке жарияланды. Порошенко оны жарияламас бұрын елдің қорғаныс министрлігімен ақылдасқан.

Мұның алдында Украина үкіметі мен сепаратистер арасында атысты тоқтату туралы бітім жасалып, оның бітетін уақыты 27 маусым, сағат 22:00 деп белгіленген еді. Енді ол 30 маусымға дейін созылып, сол күні сағат 22:00-де аяқталады. Бітім уақытының созылуына сепаратистер келісетіндерін хабарлады. 27 маусым күні Еуропа Одағы басшылары Украинаның шығысындағы шиеленіс 30 маусымға дейін басылмаса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайтындарын айтты.

20 маусымда президент Порошенко қақтығыстарды тоқтату туралы бейбіт жоспарды іске асыру үшін бір аптаға атысты тоқтату режимін жариялаған еді. 23 маусымда сепаратистер атысты тоқтату режимін сақтауға келісетіндерін мәлімдеген болатын. Бірақ осы уақыт ішінде бірнеше рет атыс болғаны туралы хабарланды. Киев Донецк облысындағы сепаратистерді бітім шартын бұзды деп айыптайды.

27 маусым күні Порошенко ЕО-мен Украина арасындағы еркін сауда келісіміне қол қойды. Украина дағдарысы алдыңғы президент Виктор Янукович 2013 жылы қараша айынды осы келісімге қол қоймай тастағаннан кейін басталған еді. Оның соңы Януковичтің елден қашуына ұласты.

XS
SM
MD
LG