Accessibility links

Президент заңсыз табыс конвенциясын бекітті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заңына қол қойды деп хабарлайды 30 маусымда ресми akorda.kz сайты.

Қылмыстық жолмен түскен табыстың жымқырылуы, оны анықтау, тәркілеу туралы Конвенция Страсбургте жасалған. Қазақстан конвенцияға 2011 жылы мамырда қосылған.

Бұған дейін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті конвенцияға қосылу қазақстандық құқық орындарына конвенцияға қосылған елдердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен түскен табысты анықтауда, айналымнан шығаруда, тәркілеуде ынтымақтастық орнатуға, қаржылық операциялардың ашықтығын бақылауға мүмкіндік беріп, коррупциямен күрестің тиімділігін арттыратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG