Accessibility links

Сауд Арабиясында белсенді 15 жылға сотталды


Абу аль-Хаирдың жұбайы Самар Бадауи (оң жақ шетте) Швеция парламентінде еріне берілген Улоф Пальме сыйлығын алып тұр. Стокгольм, 25 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Абу аль-Хаирдың жұбайы Самар Бадауи (оң жақ шетте) Швеция парламентінде еріне берілген Улоф Пальме сыйлығын алып тұр. Стокгольм, 25 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясы соты елдегі танымал құқық қорғаушы Абу аль-Хаирды 15 жылға соттауға үкім шығарды. Ол "бүлік жасауға арандатты", "билікті құрметтемеді", "заңсыз ұйым құрды", "Абдулла патшаға сатқындық жасады" деп айыпталған.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, белсендіге 53 мың доллардың айыппұлы да салынған. Абу аль-Хаир түрмеден шыққан соң 15 жыл бойы елден кете алмайды. Оның барлық сайттары жабылған.

Абу аль-Хаир терроризммен күреске арналған жаңа заңды сынаған еді. Көптеген құқық қорғаушылар ол заңды өзгеше ойлаушыларды қудалау амалы деп бағалаған. Ол заң бойынша, Сауд Арабиясында бұдан былай "қоғамдық тәртіпті бұзатын, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, ұлттық бірлікке қатер әкелетін" кез-келген әрекет заңсыз деп танылады.

XS
SM
MD
LG