Accessibility links

Ауған президенті сайлауының алдын ала нәтижесі шықты


Ауғанстан резидент кандидат Абдулла Абдулла баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 6 шілде 2014 жыл.
Ауғанстан резидент кандидат Абдулла Абдулла баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 6 шілде 2014 жыл.

Ауғанстанның сайлау комиссиясының төрағасы Юсуф Нуристани 14 маусым күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінің алдын-ала қорытындысы бойынша Ашраф Ғани 56 пайыздан аса дауыс жинап, 44 пайызға жуық дауыс алған Абдулла Абдулладан басым тұрғанын мәлімдеді.

Нуристани "бірақ бұл деректер әзірге уақытша және оның өзгеруі немесе сайлау нәтижесі бұрмаланды деген айыптаулардан соң дауыстар қайта саналған жағдайда жарамсыз деп танылуы мүмкін екенін" ескертті. Бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла бір-бірін "сайлау нәтижесін бұрмаламақ болды" деп айыптайды.

Сайлаудың алдын-ала қорытындысы жарияланған соң АҚШ Кабулды "сайлау кезіндегі барлық заң бұзушылықтар туралы айыптарды толық және тыңғылықты тексеруге" шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, екі кандидат та сегіз миллион бюллетеннің үш миллионын қайта санауға келісім берген.

XS
SM
MD
LG