Accessibility links

Бразилия футболшылары ойсырай ұтылды


Футболдан Германия мен Бразилия құрамаларының арасындағы жартылай финал ойыны. 8 шілде 2014 жыл.
Футболдан Германия мен Бразилия құрамаларының арасындағы жартылай финал ойыны. 8 шілде 2014 жыл.

Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Германия құрамасы Бразилия футболшыларын 7-1 есебімен ұтып, финалға шықты. Бірінші таймда германиялық футболшылар қарсыластың қақпасына 18 минут ішінде бес гол соқты. Есепті матчтың 11-минутында неміс ойыншысы Томас Мюллер ашты.

Ойынның 23-минутында Мирослав Клозе Бразилия құрамасының қақпасына екінші голды салды. Тони Кроос 24 және 26 минуттарда бразилиялықтар қақпасына екі гол салды. 29 минутта Сами Кедира бесінші голды соқты.

Екінші таймда Андре Шюррле бразилиялықтар қақпасына екі гол соғып, есепті 7-0 қылған. Тек 90-минутта бразилиялық Оскар Германия қақпасына бір гол соқты.

Жартылай финалдың екінші ойыны бүгін, 9 шілде күні Аргентина мен Нидерланд құрамаларының арасында өтеді. Финалдық ойын 13 шілде күні Сан-Паулу қаласында болады.

XS
SM
MD
LG