Accessibility links

ХАМАС Иерусалимді атқылағанын мойындады


Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдарының бірінен кейінгі көрініс. 8 шілде 2014 жыл.
Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылдарының бірінен кейінгі көрініс. 8 шілде 2014 жыл.

ХАМАС қозғалысының әскери қанаты - "Изз ад-Дин әл-Кассам" бригадасы "Иерусалим мен Израильдің тағы екі қаласына бірнеше зымыран атқандарын" мәлімдеді. Бригада "Хайфа қаласына екі зымыран, Иерусалим мен Тель-Авивке төрт зымыраннан" атқан.

Израиль Газа секторында "Шекараны қорғау" операциясын жалғастырып жатыр. Әуе соққысынан кем дегенде 17 палестиналық қаза тапқан. Әскери басшылық "8 шілде күні Израиль территориясына 130-дан астам зымыран атылғанын" айтады. Тель-Авив операция қарсаңында "40 мыңға тарта резервтегі сарбазын әскер қатарына шақырғанын" мәлімдеді.

Ақ үй ХАМАС-тың зымыран атқанын айыптап, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды "дағдарысты палестиналықтармен келіссөздер жүргізу арқылы, дипломатиялық тәсілмен шешуге" шақырды.

XS
SM
MD
LG