Accessibility links

Славянскіде электр қуаты беріле бастады


Соғыстан кейінгі Славянск қаласы. Украина, 7 шілде 2014 жыл.
Соғыстан кейінгі Славянск қаласы. Украина, 7 шілде 2014 жыл.

Славянскіде зақымданған подстанция мен электр желілерінің жұмысы қайта қалпына келді. Бұл жайында "Донецкоблэнерго" компаниясына сілтеме жасаған "Интерфакс-Украина" агенттігі хабарлады.

Электр қуаты Славянскінің орталық бөлігі мен қалалық әкімдікке, Украина қауіпсіздік қызметінің осындағы бөлімшесі ғимаратына, нан зауыты мен қалалық екі ауруханаға берілген.

"Донецкоблэнерго" компаниясының бас директоры Алексей Сидоренконың айтуынша, энергетиктер қала коменданты рұқсат еткен уақытта ғана жұмыс істеуге рұқсат алған. Донецк облысының жарықсыз қалған барлық елді мекендеріне электр қуаты таяу уақытта берілмек.

Украинаның шығыс өңірлерінде үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатыр. Осының кесірінен кейбір елді мекендерде коммуналдық қызметтердің жұмысы тоқтап қалған еді.

XS
SM
MD
LG