Жапония үкіметі 9 шілдеде Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады.
Жапония үкіметінің дерегінше, Солтүстік Кореяның оңтүстік-батысынан ұшырылған зымыран ешқандай зиян келтірмеген. "Скад" деп аталатын зымыран шамамен 500 километр қашықтыққа ұшады.
ИТАР-ТАСС-тың Пхеньяндағы тілшісінің Солтүстік Кореяның ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауына қарағанда, зымыранның ұшырылуына президент Ким Чен Ын қатысып, сынаққа көңілі толған.
Солтүстік Корея соңғы айларда зымырандарын сынауды жиілеткен.