Accessibility links

Тәжік-қырғыз шекарасында атыс болды


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында 10 шілде күні атыс болып, тәжікстандық бір азамат оққа ұшты. Оқиға Ворух анклавы шекарасының даулы тұсында болған.

Тәжікстандық ресми орындар "қырғыз шекарашылары Ворух тәжік анклавының тұрғындарына оқ атқан" дейді. Жергілікті дәрігер атыстан бір адам қаза тауып, кемінде жеті адам қаза тапқанын айтады. Тәжікстанынң сыртқы істер министрлігі шекарадағы атысқа байланысты Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады. Нотада ресми Душанбе атыста тәжік азаматының қаза тапқанына наразылық танытып, оқиға даулы шекаралық аймақтарға қатысты жүріп жатқан қырғыз-тәжік келіссөздеріне "әсер етуі мүмкін" екенін айтады.

Қырғызстанның шекара қызметі қақтығысқа тәжік анклавының тұрғындары арандатқанын айтады. Ал Тәжікстан жағы атыстқа қырғыз шекарашыларының өздері кінәлі дейді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы Ворух анклавына қатысты шекаралық дау соңғы айларда үдеп келеді.

XS
SM
MD
LG