Accessibility links

Еуропа лигасы: Қазақстандық үш команда екінші кезеңге өтті


"Шахтер" командасының ойыншылары, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
"Шахтер" командасының ойыншылары, 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның «Астана», «Шахтер» және «Қайрат» командалары Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің бірінші кезеңінен өтіп, екінші кезеңіне шықты.

Былтыр Еуропа лигасының финалына дейін жеткен «Шахтер» биылғы іріктеу жарысында Арменияның «Ширак» командасымен кездесіп, екі матчта да жеңіске жетті. "Шахтер" Армениядағы ойында 2:1, ал Қарағандыдағы матчта 4:0 есебімен ұтты. «Шахтер» екінші іріктеу кезеңінде литвалық «Атлантас» командасымен ойнайды.

«Астана» командасы да бірінші кезеңде тағы бір армениялық команда «Пюникпен» кездескен. Сырт алаңдағы матчта «Астана» 4:1 есебімен, өз алаңында 2:0 есебімен жеңді. «Астана» екінші кезеңде израильдік «Хапоэль» командасымен кездеседі.

Ал Алматының «Қайрат» командасы Албанияның «Кукеси» клубын жарыстан шығарды. «Қайрат» өз алаңында бұл команданы 1:0 есебімен ұтқан. Тиранада өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. «Қайрат» өз алаңындағы жеңістің арқасында келесі кезеңге шықты.

«Қайрат» екінші кезеңде норвегиялық «Эсьберг» командасымен ойнайды. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің ойындары 17 және 24 шілдеде өтеді.

XS
SM
MD
LG