Германия билігі АҚШ-тың Берлиндегі елшілігіндегі америкалық барлау қызметінің өкілін елден шығаратын болды. Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберттің мәлімдеуінше, АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) өкілі Берлинде тыңшылық жасаған.
Германия екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері АҚШ дипломатын елден қуып көрмеген еді. Бұл оқиғаға қатысты Германия канцлері Ангела Меркель "өзара сенім одақтас елдер арасындағы басты фактор екенін" мәлімдеген.
Өткен аптада Германияда германиялық барлау қызметінің қызметкері "АҚШ арнайы қызметіне 218 құпия құжатты берді" деген күдікпен ұсталған еді. Полиция бұған қоса "америкалық агентпен кездесті" деген күдікке ілінген қорғаныс миинстрлігінің саяси кеңесшісіне қатысты істі тергеу барысында Берлиндегі қорғаныс министрлігінің ғимаратын тінткен.