Accessibility links

Владимир Путин Латын Америкасына барады


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 7 шілде 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 7 шілде 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 11 шілде күні Латын Америкасы елдеріне алты күндік сапарын бастайды. 11 шілде күні ол Куба астанасы Гаванаға барып, осы ел басшыларымен, оның ішінде 87 жастағы бұрынғы президент Фидель Кастромен кездеседі.

Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Ресей президенті Кубаның 35 миллиард қарызының 95 пайызын кешіретін заңға қол қоймақ ниетте.

Владимир Путин бұдан соң Аргентинаға да бармақ. Ушаковтың сөзіне қарағанда, Аргентина Украина дағдарысында "Ресей ұстанымын қолдайды".

13-16 шілде аралығында Путин Бразилияда болып, БРИКС дамушы елдер ұйымының саммитіне қатысады. БРИКС тобына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка республикасы кіреді.

Ресей президенті бұған қоса, Рио-де-Жанейрода футболдан әлем чемпионатының финалына барғанында Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі де мүмкін.

XS
SM
MD
LG