Қазақстанда 10 шілдеден бастап "Кеден Одағының техникалық регламентіне сай келмейтін" ойыншықтарды кіргізуге уақытша тыйым салынды деп хабарлайды тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі.
Агенттіктің дерегінше, жүргізілген мониторинг нәтижесінде Қазақстанда қайда жасалғаны белгісі, кейбір зиянды заттардың мөлшері шектен тыс ойыншықтар сатылып жатқаны" анықталған. Ойыншықтарда формальдегидтің шектік мөлшері 6 есе, фенолдың мөлшері 9 есе асып кеткені, шығаратын жыбысының бір жарым есеге көп екені белгілі болған.
Агенттік тұтынушыларды сатып аларда ойыншықтардың тиісті құжаттары мен өнімнің таңбалануына назар аударуға шақырған.