Accessibility links

Қарағандыда жол апатынан 6 адам мерт болды


Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қарағанды-Балқаш жолында үш жеңіл көлік соқтығысып, алты адам мерт болды деп хабарлайды хабарлайды Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық ішкі істер бөліміне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары агенттігі.

Жол апаты 11 шілде күні таңғы сағат 5-те Ақтоғай ауданының Гүлшат ауылына жақын маңда болған. "Lada Priora", ВАЗ-21010 және "Hyundai Accent" көліктері соқтығысқан. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа қарсы бағытқа шығып кеткен "Hyundai Accent" көлігінің жүргізушісі кінәлі.

"Hyundai Accent" жүргізушісі мен тағы бес адам оқиға орнында жан тапсырып, бір адам ауруханаға түскен. Қаза тапқандардың үшеуі - әйел, екеуі - ер адам. Тағы бір адамның кім екені анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG