Accessibility links

Британ сыртқы істер министрі қызметтен кетпек


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг қызметінен кететіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жазған.

Форин-офисті төрт жыл бойы басқарған Хейг келесі жылы саясаттан да кететінін айтқан. Бірақ әзірге ол жыныстық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы елші ретінде қызметін жалғастырмақшы. Ол бұған дейін де голливудтық белгілі актриса Анджелина Джолимен бірге осы қызметті атқарған.

Хейг мәлімдемесін британ үкіметінде ауыс-түйістер болып жатқан шақта жасады. Премьер-министр Дэвид Кэмерон алдағы жылы мамыр айында өтетін сайлауға дейін кабинет құрамында өзгерістер жүргізуді жөн көріп отыр. Ол үкіметтегі жаңа тағайындаулар туралы 15 шілде күні жария етпекші.

Уильям Хейг алғаш рет британ парламентіне 1989 жылы сайланған.

XS
SM
MD
LG