Accessibility links

Алматыда наразы борышкерлерді полиция ұстады


Алматы қаласындағы АТФ банкі ғимараты.
Алматы қаласындағы АТФ банкі ғимараты.

15 шілде күні Алматы қаласындағы екінші деңгейлі АТФ банкі ғимараты алдына жиналып, ипотекаға алған үйлерін тартып алмауды талап еткен бірнеше адамды полиция ұстап әкетті деп хабарлады оқиға орнынан Азаттық тілшісі.

Өздерін «АТФ» банк төрағасымен кездестіруді талап еткен борышкерлер талаптары орындалмаса, банк алдына шатыр тігіп, аштық жариялайтынын ескерткен. Өздерімен кездесуге шыққан банктің өзге қызметкерлерімен сөйлесуден бас тартқан борышкерлердің бірі Сұлубике Жақсылықованы және оған қоса тағы бірнеше адамды полиция қызметкерлері ұстап, Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне әкеткен.

Бұдан соң банк алдында тұрған борышкерлерден төрт адамды банк ішіне кіргізіп, АТФ банкі біраздан соң баспасөз брифингін өткізетінін айтты деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қазақстанда кезінде банктерден несие алған борышкерлер бұған дейін де Алматы мен Астанада бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді. 2000 жылдардың ортасында Қазақстандағы «қаржылық дүмпу» кезінде банктерден салыстырмалы түрде оңайлатылған жолдармен несие алып, бірақ кейін оны қайтара алмаған азаматтар берешек несие көлемі мен өсіміне байланысты дауларын шешуді билік пен банктерден талап етіп келеді.

Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтыны туралы уәжінен танбайды. Банк өкілдері несие алған азаматтарға қолданыстағы заң аясында талап қойып отырғандарын айтады.

XS
SM
MD
LG