Accessibility links

АҚШ-та Азамат Тәжаяқов сотында жарыссөздер өтеді


Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).
Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).

Бостон марафоны кезіндегі терактілерді тексеруге кедергі келтірді деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша сотта 16 шілде күні тараптардың қорытынды жарыссөздері өтеді.

Дүйсенбі күнгі сотта куәгерлердің жауабы тыңдалып, алқабилерге Дартмут университетінде орнатылған бақылау камераларындағы жазбалардан үзінділер көрсетілген еді.

The Boston Globe басылымы жазуынша, бейнежазбада Азамат Тәжаяқов пен терактіні ұйымдастыруда басты күдікті ретінде танылған Джохар Царнаевтың университеттің жаттығу залына бірге кіргендерін және одан бірге шыққандарын көрсеткен. Бейнежазба 2013 жылдың 16 сәуірінде түсірілген – содан бір күн бұрын Бостон марафонының мәресінде үш адамның өмірін қиып, 260 жанды жарақаттаған жарылыстар болған.

Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша сот процесі осы айда басталды. Қырғызстанның тумасы, АҚШ-та өскен Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот қараша айында басталады деп жоспарланған.

Тергеу мәліметінше, жарылыстан соң үш күннен кейін Джохар Царнаевтың Массачусетс университетінде танысқан қазақстандық достары – Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев оның пиротехника салынған рюкзагы мен ноутбугінен құтылған.

20 жастағы Азамат Тәжаяқовқа тергеуге кедергі келтірмек болды деген айып тағылған. Прокуратура оған терактіге тікелей қатысты деген айып тақпайды. Соттағы жарыссөз екі-үш аптаға созылуы мүмкін.

Диас Қадырбаевқа байланысты қыркүйекте басталатын сот процесі бөлек өтеді. Тағылған айып дәлелденсе, олар 25 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ол екеуі айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG