Accessibility links

Рахат Әлиевтің бұрынғы жақтасы шартты түрде босатылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің жақын жүрген қызметкерлерінің бірі деп саналатын бұрынғы дипломат Мырзахан Салықбаев Қостанай облысындағы УК-161/2 қатаң тәртіптегі түрмесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты деп хабарлайды "Қазақпарат" ресми агенттігі.

Мырзахан Салықбаев 2007 жылдан Қазақстанның Австриядағы елшілігінде елші Рахат Әлиевтің кеңесшісі болған. Ол Әлиевтің маңында жүрген басқа бірнеше адаммен бірге қылмыстық айыппен сотталған еді.

Өзін және жақтастарын оппозициялық әрекеттері үшін қудалап жатқанын мәлімдеген Рахат Әлиев Қазақстанның талабы бойынша Австрияда ұсталған. Онда алматылық екі банкирді ұрлау және өлтіру оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG