Malaysia Airlines компаниясының Boeing ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру мақсатында Киевке Малайзияның 130 маманы келді. Бұл туралы делегация жетекшісі Хилми Мохтар хабарлады.
Мұның алдында Малайзия қарулы күштерінің өкілі "ұшақ апаты себептерін тексеру үшін Украинаға екі әскери жүк ұшағы аттанатынын" хабарлаған еді.
17 шілде күні Malaysia Airlines компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпур қаласына ұшып шыққан лайнері Украинаның шығысында құлаған еді. Бортта болған 298 адам түгел қаза тапты.