Accessibility links

Египетте шабуылдан 15 шекарашы қаза тапты


Шекара маңындағы бақылау бекетінде тұрған Египет сарбаздары. (Көрнекі сурет)
Шекара маңындағы бақылау бекетінде тұрған Египет сарбаздары. (Көрнекі сурет)

Египеттің батысында Ливиямен шекара маңындағы Вади-әл-Гадид провинциясында 19 шілде күні бақылау-өткізу бекетіне жасалған шабуыл салдарынан кемінде 15 шекарашы қаза тауып, бесеуі жараланған.

Египет қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, шекарашыларға қарулы шабуылды 20-ға жуық контрабандашылар жасаған, олардың үшеуі оққа ұшқан.

Ақпарат агенттіктері бұл Египетте былтыр жазда исламшыл күштер жақтайтын президент Мұхаммед Мурси биліктен кетірілгелі бері елдегі үкімет күштеріне қарсы елеулі шабуылдардың бірі деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG