Accessibility links

Керри мен Лавров құлаған ұшақ жайлы сөйлесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 17 сәуір 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 17 сәуір 2014 жыл.

Шілденің 19-ы күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинаның шығысында малайзиялық жолаушылар ұшағы құлаған жерде сарапшылар тобының еш бөгетсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы қаза болған үш жүзге жуық адамның денелері мен ұшақ қалдықтары апат болған жерден әкетілген болуы мүмкін деген хабарларға байланысты қатты алаңдаушылық білдірген. Сондай-ақ ол ұшақ құлаған жерде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы бақылаушылары мен халықаралық тергеу тобы мүшелері бөгетке жолығып жатқаны алаңдаушылық туғызып отырғанын айтқан.

Украина жолаушылар ұшағы құлаған жердегі құрбан болған адамдардың денелері мен айғақ заттарды қозғауға әрекет жасады деп ресейшіл сепаратистерді айыптаған.

XS
SM
MD
LG