Accessibility links

Шығыс Украинадағы тұтқындар саны айтылды

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» премьер-министрі Александр Бородай (ортада) қарулы қорғаушыларының ортасында телефонмен сөйлесіп тұр. Шахтерск қаласы, Донецк облысы, Украина. 17 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысында қарулы сепаратистер тұтқында ұстап отырға 400-ге жуық адамның арасында журналистер, саясаткерлер мен бейбіт тұрғындар бар деп мәлімдеді Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко.

Оның айтуынша, өздерін «халық жасағымыз» деп атайтын қарулы топ Луганск медицина университетінде оқитын Нигерия азаматын да кепілде ұстап отыр. Лысенко шетел азаматын босатуға қатысты оны ұстап отырғандар тарапынан әзірше ешқандай талап түспегенін айтты.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мәліметтері бойынша, елдің шығысында қарулы жанжал басталғалы бері сепаратистер 842 адамды ұстаған, қазіргі уақытқа дейін олардың 446-сы бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG