Accessibility links

Латвия Кобзон, Газманов пен Валерияны «қара тізімге» алды


Ресейлік әнші Иосиф Кобзон.
Ресейлік әнші Иосиф Кобзон.

Латвия сыртқы істер министрлігі ресейлік әншілер Иосиф Кобзон, Олег Газманов және Валерияның бұл елге келуіне тыйым салды.

Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевичтің айтуынша, ресейлік әншілер «Қырымды аннексиялауды белсенді қорғағаны» және Украина билігінің іс-әрекеті жайлы «әдепсіз сөздері» үшін «қара тізімге» алынған. Егер аты-жөндері аталған ресейлік эстрада әншілері ән конкурсына қатысу үшін Латвия жеріне келген болса, үкімет олардың елден кетуін сұрайтын болады деп мәлімдеді сыртқы істер министрі.

Ертең Латвияның Юрмала қаласында әртүрлі елден жиналған өнерпаздардың қатысуымен дәстүрлі «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауы басталмақ.

XS
SM
MD
LG