Accessibility links

Еуроодақ Ресейге жаңа санкцияны талқылайды


Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский (сол жақта) және Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филипп Хаммонд.
Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский (сол жақта) және Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филипп Хаммонд.

Бүгін Брюссельде Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Украинаның шығысында малайзиялық ұшақтың құлауына байланысты Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту жайын талқылайды. АҚШ пен Еуропа Одағы өкілдері жолаушылар ұшағын ресейшіл сепаратистердің атып түсіргенін дәлелдейтін айғақтардың артып келе жатқанын мәлімдеді.

Дүйсенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесі жолаушылар ұшағына жасалған шабуылды айыптайтын және ұшақ құлаған жерге халықаралық сарапшылардың «еш бөгетсіз баруын» қамтамасыз етуді сепаратистерден талап ететін қарарды бірауыздан мақұлдаған еді.

Кеше сепаратистер жетекшісі Малайзия үкіметінің өкіліне құлаған ұшақтың жазба жүргізетін екі құрылғысын («қара жәшік») тапсырды. Апатта құрбан болғандардың сүйектерін алып Донецкіден Харьковке бағыт алған пойызбен Малайзия өкілдері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сарапшылары да бірге жолға шықты.

Австралия премьер-министрі Тони Эбботт ұшақ құлаған жерде айғақтарды жасырып, бұрмалау әрекеттері байқалғаны туралы мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG