Бағдатта жанкешті жасаған шабуылдан кемінде 21 адам қаза тауып, 35 адам жараланған. Полицияның мәліметі бойынша, жанкешті бомба орнатылған автокөлікпен Бағдаттағы аудандардың біріне кіреберістегі бақылау-өткізу бекетіне барып соғылған. Мерт болғандар арасында осы бекетте тұрған жеті полиция қызметкері де бар.
Полиция жарылыс болған кезде бекет маңында автокөліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын айтады. Олардың көпшілігі Ораза айт мейрамы қарсаңында имам әл-Қадимнің зиратына тәуап етуге бара жатқан.
Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласын өздерін сүннитпіз дейтін қарулы бүлікшілер басып алғалы бері Бағдатта жағдай шиеленісіп тұр. Соңғы апталарда Бағдатта бірнеше жарылыс болған.