Ресей президенті Владимир Путин Қырым мен Краснодар өлкесінде ойын аймақтарын құру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы ресми құжат Ресейдің құқықтық ақпарат сайтында жарияланды.
Ресей Мемлекеттік думасы 4 шілде күні қабылдаған заң жобасын 9 шілде күні Федерация кеңесі бекіткен. Қырымдағы ойын аймағының шекарасын жергілікті билік орындары белгілейтін болады. Краснодар өлкесінде олимпиада нысандары жанынан салынатын казинолар құрылысы мемлекет бақылауында болмақ.
Бұған дейін Ресейде төрт жерде – Владивосток маңында, Алтайда, Калининград түбінде және Кавказдың Қара теңіз бен Азов теңізі жағалауларында арнайы ойын аймақтары ашылған еді.