Accessibility links

Голландияға тағы 74 адамның сүйектері жеткізіледі


Ұшақ апаты құрбандарының сүйектерін әкеле жатқан көліктер. Голландия, 23 шілде 2014 жыл.
Ұшақ апаты құрбандарының сүйектерін әкеле жатқан көліктер. Голландия, 23 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысында құлаған малайзиялық жолаушылар ұшағында қаза тапқан 74 адамның сүйектері бүгін Голландияға жеткізілмек. Украинаның Харьковінен Голландияның Эйндховен қаласына алғашқы 40 табыт екі ұшақпен жеткізілген еді.

Эйндховен әуежайында қаралы жүкті әуежайда қарсы алған мыңға жуық адамның арасында Нидерланд королі Виллем Александр мен жұбайы Максима, Голландия премьер-министрі Марк Рютте және ұшақ апатында азаматтары мерт болған өзге мемлекеттердің өкілдері болды. Бұдан соң марқұмдардың денелері көлікпен Хильверсум қаласындағы әскери қазарманың мәйітханасына жеткізілді. Сол жерде сот-медицина сарапшылары оларды анықтауға кірісті.

Сәрсенбі күні Ұлыбританияның Фарнборо қаласына жеткізілген құлаған ұшақтың жазба жүргізетін екі құрылғысына («қара жәшіктер») арнайы орталықта мамандар алдын ала сараптама жүргізіп жатқаны хабарланды.

17 шілде күні Украинада құлаған ұшақта қаза тапқан 298 адамның 193-і Голландия азаматтары. 23 шілде Голландияда апат құрбандарын аза тұту күні болып жарияланған еді.

XS
SM
MD
LG