Accessibility links

Шыбынөлтіргішті сотқа сермеген заңгер үш жылға сотталды


Қарағандылық заңгер Евгений Танков. Қарағанды, 7 сәуір 2014 жыл.
Қарағандылық заңгер Евгений Танков. Қарағанды, 7 сәуір 2014 жыл.

Бүгін Қарағандының Қазыбекби аудандық соты «сотты құрметтемеді» және «судьяға күш көрсетті» деген айыптар тағылған жергілікті адвокат Евгений Танковты үш жылға бас еркіндігінен айыру жазасына кесу туралы үкім шығарды. Сотталушының анасы Валентина Танкова Азаттыққа ұлының сот үкіміне келіспейтіндігі туралы шағым түсіретінін айтты.

Бұған дейін сот отырысында прокуратура өкілі «судьяны шыбынөлтіргішпен сабамақшы болған» Евгений Танковты үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Танковтың 19 наурыз күні Қазыбек би аудандық сотында азаматтық істі қарау кезінде судьяға шыбынөлтіргіш сермегені туралы видео жақында интернетте жарияланған еді. Онда талапкердің мүддесін қорғауға келген Танков екі шыбынөлтіргішпен судья Арай Алшынбековтің алдына барып, біреуін судьяның үстеліне қойып, одан соң екіншісін судьяға сермеген. Кейін сотта Танков қазақстандық сот жүйесінің мағынасыздығын көрсетпек болып, судьяны «шыбынөлтіргішпен жекпе-жекке» шақырғанын айтады. Бірақ адвокаттың әрекетін билік «ресми тұлғаға нақты шабуылға» балап, оқиға болған күні Танков қамауға алынған еді. Оның денсаулығына психикалық сараптама жасалып, дәрігерлер Танковтың дені сау деген қорытынды жасаған.

XS
SM
MD
LG