Accessibility links

Алжирде жолаушы ұшағы апатқа ұшырады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алжир билігі Буркина-Фасодан ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын растады деп хабарлады алжирлік әуе тасымалы мекемесі өкілі Reuters агенттігіне. Ол басқа егжей-тегжейін айтпаған.

"Макдоннелл Дуглас" ұшағы бортында 119 адам (Францияның - 50, Буркина-Фасоның - 25 азаматы және Ресей, Ливан, Алжир, Германия азаматтары) болған деп хабарлайды Algerie 1. Алжир көлік министрлігіндегі дерек көзіне сілтеме жасаған бұл сайттың хабарлауынша, ұшақ Мали аумағында құлаған.

Ұшақ Малидің солтүстігіне келгенде диспетчер басқа ұшақпен соғылып қалмас үшін оған бағытын өзгертуді ескерткен. Одан кейін экипаждан хабар болмай, "Макдоннелл Дуглас" радарға көрінбей кеткен.

XS
SM
MD
LG