Accessibility links

Қақтығыстан 800 палестиналық қаза тапқан


Шабуылға ұшыраған Рамаллах қаласының көшесінде кетіп бара жатқан палестиналық әйел. 25 шілде 2014 жыл

Израиль әскері мен ХАМАС тобының қақтығысы кезіне қаза тапқан палестиналықтардың саны 800-ге жетті.

Қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар. Палестина үкіметінің өкілі Аршаф әл-Кудраның айтуынша, екі палестиналық жас әйел Дейр-әл-Балах қаласында жасалған әуе шабуылынан мерт болған.

Бейсенбі, 24-шілдеде Газа секторындағы БҰҰ ұйымдастырған уақытша паналау мекеніне Израиль ракетасы құлап, 15 палестиналық қаза тапқан. Тағы да 200-ге жуығы жараланған.

23 шілдеде Шығыс Иерусалимде 10 мыңға жуық палестиналық Израильдің әрекетіне қарсылық шеруін ұйымдастырды. Шеру кезінде палестиналықтар Израиль әскерімен қақтығысып, нәтижесінде үш адам қаза тауып, 100 адам жарақат алған.

Израиль ХАМАС ұйымына қарсы операцияны 8-шілдеден бастаған. Содан бері Израиль тарапынан 35 адам қаза тапқаны хабарланған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

Жұрт министрлік алдында белсенді Ағаділді еске алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00
XS
SM
MD
LG