Accessibility links

Славянскіде адамдар жаппай көмілген көр табылды


Славянскіде жүрген Украина әскерлері. 15 шілде 2014 жыл.
Славянскіде жүрген Украина әскерлері. 15 шілде 2014 жыл.

Human Rights Watch ұйымының мәлімдеуінше, Украина әскерінің қарамағына көшкен Славянск қаласында жаппай мәйіттерді көмген орын табылды.

Мәліметке қарағанда мәйіттер жаппай көмілген сегіз көр табылған.

Қаланың екі тұрғыны Human Rights Watch өкіліне көмілген мәйіттер табылған жерді шілденің ортасында экскаватор қазғанын, кейін әскери киінген екі адам жүкі көлігімен келіп, полиэтиленге оралған мәйіттерді тастағанын айтқан. Бір сағат өткен соң жүк көлігі қайта келіп, қазылған шұңқырға тағы 15-ке жуық адамның мәйітін тастаған.

Жаппай көмілген адамдардың қалай қаза тапқаны белгісіз. Мәйіттерді аршып алу кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың туысқандары келген.

Сепаратистер Славянск қаласын сәуір мен 5-шілде арасында бақылауда ұстаған еді.

XS
SM
MD
LG