Accessibility links

Еуропа Одағы Ресейге жаңа санкциялар салды


Франциядағы Еуропа парламенті ғимараты алдындағы ЕО тулары. (Көрнекі сурет)
Франциядағы Еуропа парламенті ғимараты алдындағы ЕО тулары. (Көрнекі сурет)

Украина дағдарысына байланысты санкциялар тізіміне Еуропа Одағы (ЕО) 15 адам мен 18 компанияны жаңадан қосты.

Санкцияға жаңадан қосылған адамдар ЕО аумағына кіре алмайды, олардың ондағы активтері тұтқындалады. Тізімге қосылғандар арасында Шешенстан президенті Рамзан Қадыров, Ресей сыртқы барлау қызметінің басшысы Михаил Фрадков, Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) басшысы Александр Бортников бар. Ресейден тыс жаңа шектеу шараларына өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" лидері Павел Губарев пен Украина аумағындағы ресейшіл сепаратистер құрған "мекемелер" де ілікті.

ЕО санкциялар тізіміне қосылған 18 компанияның 9-ы - Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер құрған "мекемелер". Олардың арасында өздерін өзі жариялаған Донецк және Луганск "халық республикалары" бар.

ЕО санкцияларына Ресей аннексиялаған Қырымның Севастополь сауда порты да ілікті.

XS
SM
MD
LG