Accessibility links

Украинада ұшақ құлаған жерден әлі мәйіттер табылып жатыр


Құтқарушылар Малайзия ұшағы құлаған маңнан табылған мәйітті әкетіп барады. Украина, Донецк облысы, 19 шілде 2014 жыл.
Құтқарушылар Малайзия ұшағы құлаған маңнан табылған мәйітті әкетіп барады. Украина, Донецк облысы, 19 шілде 2014 жыл.

Австралия премьер-министрі Тони Эббот Украинаның шығысындағы жолаушылар ұшағы құлаған жерден "әлі күнге мәйіттер табылып жатқанын" айтты.

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында 37 Австралия азаматы және осы елде тіркелген адамдар бар. Опат болғандардың жартысынан астамы - Нидерланд азаматтары. 17 шілде күні Амстердамнан Куала-Лумпур қаласына ұшып бара жатып, Украинаның Донецк облысы аумағында апатқа ұшыраған Малайзия ұшағының бортында 298 адам болған еді.

Лайнер құлаған аумақты күзету үшін Австралия Еуропаға 190 полиция қызметкерін жібермек. Апат орнын тексеру Нидерланд мамандарының басшылығымен жүргізіліп жатыр.

Украина билігінің мәліметтеріне қарағанда, апат орнынан 200-ден астам адамның мүрдесі табылған. Мәйіттер салынған алғашқы авиарейс Нидерландқа 23 шілде, апаттан алты күннен кейін аттанды. Бүгін Харьковтен Нидерландқа қаза тапқан жолаушылар сүйегі тиелген соңғы ұшақ кетеді.

XS
SM
MD
LG