Mail.ru компаниясы Тәжікстанда осы әлеуметтік желінің бұғауланып, әлі ашылмай тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Babylon Mobile, Babylon T және Beeline интернет провайдерлерінің тұтынушылары шілденің 18-інен бері Odnoklassniki.ru сайтына кіре алмай отыр.
Компания өкілі Ксения Чабаненко Азаттыққа Mail.ru бір апта бұрын Тәжікстан билігіне әлеуметтік желілерінің не себепті бұғауланғанын түсіндіруді сұрағанын, бірақ әлі жауап ала алмағанын хабарлады. Оның айтуынша, бұғауланғанға дейін сайтқа күн сайын 350 мыңға жуық тәжік қолданушылары кіріп жүрген.
Тәжікстанда өткен аптада жергілікті vipnet.tj әлеуметтік желісі ашылғаны хабарланған еді. Оны құрушылар әлеуметтік желі Odnoklassniki.ru сайтына бәсекелес болуы тиіс деген.