Accessibility links

СІМ: Пшонка Қазақстан азаматы емес


Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонка.
Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонка.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонканың Қазақстанның шекарасынан өтпегенін және уақытша тіркеуге де тұрмағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде бүгін СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.

"Виктор Пшонка миграциялық полицияға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беруді және белгілі мерзімде азаматтық алуды сұрап өтініш білдірген жоқ" делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема кейбір расталмаған ақпараттар бойынша Пшонканың Қазақстан азаматтығын алғаны туралы дерек барын және ол тексерілетінін мәлімдеген еді. Ол Пшонканың ұлы Артем және Украина кәсіпкерлері мен саясаткерлері - Сергей Арбузов, Александр Клименко, Сергей Курченконың Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны тексерілетінін де хабарлаған.

Украинада елдің бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонкаға "бюджет қаражатын жымқырды", "пара алды", "билігін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG