Accessibility links

Газа секторында кезекті уақытша бітім жарияланды


Газа секторымен шекарада тұрған Израиль әскері. 4 тамыз 2014 жыл.
Газа секторымен шекарада тұрған Израиль әскері. 4 тамыз 2014 жыл.

Палестина билігі мен Тель-Авив 5 тамыздан бастап үш күндік бітім жасасу туралы Египеттің ұсынысын қабылдады. Енді Каирге ұзақ мерзімдік бітім туралы келіссөздер жасасу үшін Израиль делегациясы жіберілмек. Газа секторын бақылайтын ХАМАС ұйымы да Египеттің ұсынысын қабылдағаны жайлы ұйым өкілі мәлімдеді.

Соңғы үш күндік бітім Израиль әскерилері Газа секторында жеті сағаттық гуманитарлық үзілістен соң әскери операцияларды қайта бастағаннан кейін жарияланды.

Бұған дейін төртінші аптаға ұласқан қақтығыстарда қарсылас екі тарап арасында бірнеше рет бітім жасалып, бірақ олар бірнеше рет бұзылған еді.

XS
SM
MD
LG