Нигерия билігі елдегі халық ең көп қоныстанған қала - Лагоста Эбола вирусын жұқтырған екінші адам тіркелгенін растады. Науқас - өткен аптада Либерияға барып келген соң Эбола вирусынан көз жұмған адамды емдеген дәрігер.
Нигерия - Эбола безгегі тіркелген төртінші ел. Вирус биыл ақпан айында пайда болып, Либерия, Гвинея, Сьерра-Леоне елдеріне таралған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бұл індеттен көз жұмғандар саны 887 адамға жеткен. 2 тамыздан бері АҚШ-тың Атланта қаласында Либериядан вирус жұқтырып келген дәрігер емделіп жатыр.
Эбола - әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі. Оны жұқтырған адамның өліп кету ықтималдылығы 90 пайызды құрайды. Әзірге вирустың емі, я оған қарсы вакцина ойлап табылған жоқ.