Accessibility links

Асқар Ақаев еліне ағасын жерлеуге бармады


Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев ағасы Болот Ақаевтың қазасына келмей қалды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

82 жастағы Болот Ақаев 3 тамыз күні қайтыс болып, бүгін жерленген. Бұған дейін Ресейде тұрып жатқан Асқар Ақаевтың туыстары оны ағасының жерлеуіне Қырғызстанға барады деп хабарлаған. Бірақ туысын жерлеу рәсіміне Бішкекке Асқар Ақаевтың кіші ұлы Илим Ақаев барды. Оны Бішкек әуежайынан Ақаевтың тұсындағы премьер-министр Кубанычбек Жумалиев бастаған бір топ адам күтіп алған.

2005 жылы сәуір айында елдегі билікке наразылықтардан соң президенттік өкілетінен бас тартқан Асқар Ақаев отбасымен елден кетіп қалған. Қазір Мәскеуде тұрып жатыр. Ол биліктен кеткен соң Қырғызстанда үстінен іс қозғалып, кейін тоқтатылған. 2010 жылы Ақаевтан "қол сұғылмаушылық" құқығы алынып тасталды.

Болот Ақаев кезінде авиация жұмысшыларының кәсіподағын басқарған.

XS
SM
MD
LG