Accessibility links

Сенат депутаттығына 72 адам өзін өзі ұсынды


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазан айының 1-іне белгіленген парламент сенаты депутаттарының сайлауына қатысуға 72 кандидат ұсынылды деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында оның төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, барлық кандидаттар өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Олардың арасында төрт әйел бар. Депутаттыққа кандидат ұсыну 31 тамызға дейін жалғасады.

ОСК ақпараты бойынша, сенат депутаттарының сайлауына 136 миллион теңге бөлінген. Әрбір кандидаттың сайлауалды үгіт-насихаттарын жүргізуіне және транспорттық шығындарын жабуға республикалық бюджеттен 395 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Қазақстан парламентінің сенаты 47 депутаттан тұрады. Заң бойынша, 15 депутатты Қазақстан президенті тағайындайды, ал қалған 32 депутатты облыстық мәслихаттар мен Алматы және Астана қалаларының мәслихаты сайлайды.

XS
SM
MD
LG