Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ генералы қаза тапты


АҚШ сарбаздары Бағлан провинциясындағы әскери базаны Ауғанстан армиясына тапсыруға дайындалып жатыр. 8 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ сарбаздары Бағлан провинциясындағы әскери базаны Ауғанстан армиясына тапсыруға дайындалып жатыр. 8 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ қорғаныс министрлігі Ауғанстанда америкалық генералдың қаза тапқанын растады. Кейбір ақпараттарға қарағанда, генерал Гарольд Грин 5 тамыз күні Кабулда әскери киімдегі қарулы адам оқ атқан оқиғада қаза болған. Ауғанстанға 2001 жылы шетел әскері кіргізілгелі бері мұндай жоғары шенді әскери адам бірінші рет құрбан болып отыр.

Пентагон өкілінің мәлімдеуінше, шабуылды сарбаз жасаған және ол оқиға кезінде оққа ұшқан. Шабуыл НАТО делегациясы Каргхтағы жаттығу орталығына барғанда болған. 15 әскери адам жараланған. Олардың арасында неміс генералы да бар. Жергілікті билік үш ауған офицерінің жараланғанын хабарлап жатыр.

Ауғанстаннан шетел әскері биылғы жылдың соңына дейін шығарып әкетілуі тиіс.

XS
SM
MD
LG