Accessibility links

Обама: Ресей экономикасы тұралауы мүмкін


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 29 шілде 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 29 шілде 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ресей экономикасы АҚШ және Еуропа Одағының санкцияларынан соң тұралап қалады деп санайды. Бұл туралы ол Вашингтонда Африка елдерінің басшыларымен кездесуден соң баспасөз жиынында мәлімдеді.

АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ жеткізуі туралы мәселеге орай Обама украиндықтарда елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистермен соғысуға қару-жарағы жеткілікті деп санайтынын айтқан.

Ал "АҚШ шекарада Ресей әскерінің шоғырлануына байланысты Украинаға қару-жарақ жеткізу мүмкіндіктерін қайта қарастырмай ма?" деген сұраққа Барак Обама Ресей армиясы Украинанікінен әлдеқайда көп екенін айтты. "Әзірге Украина армиясы өзіне қарсы тұра алмайтын сепаратистермен соғысып жатыр" деді ол.

"Егер Ресей басқыншылық жасаса, онда әрине, басқа мәселе туындайды. Бірақ әзірге іс бұған жете қойған жоқ" деді Обама.

XS
SM
MD
LG