Accessibility links

Басылым: Ресей банктері үкіметтен көмек сұрады


"Газпромбанк" кеңсесі. Мәскеу, 17 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
"Газпромбанк" кеңсесі. Мәскеу, 17 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы мен АҚШ-тың санкциясына іліккен Ресейдің "Газпромбанк" пен "Россельхозбанкі" мемлекеттен көмек сұрады деп жазады бүгін Ресей үкіметіндегі дереккөзіне сүйенген "Ведомости" газеті.

Басылым дерегіне қарағанда, "Россельхозбанк" үкіметтен 100 миллиард рубль сұраған. Ал "Газпромбанк" ұлттық әл-ауқат қорына айрықша акцияларын 40 миллиард рубльге сатып алуды ұсынған.

Банктер санкция мемлекеттің саясатына бола салынғандықтан үкіметтен көмек сұрауға хақы барын айтады.

"Ведомости" газетінің ақпараты бойынша, Ресей қаржы министрлігі "банктер санкцияны сылтау қылып, мемлекеттен барынша көп көмек алғысы келеді" деген ұстаныммен оларға қолдау көрсетуге ықылас танытпай отыр.

XS
SM
MD
LG