Accessibility links

"Ислам мемлекеті" Иракта христиандар қалаcын алды


"Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы күресіп жатқан үкімет әскеріне қосылған күрд еріктілерінің жасағы. Дияала провинциясы, Ирак, 6 тамыз 2014 жыл.
"Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы күресіп жатқан үкімет әскеріне қосылған күрд еріктілерінің жасағы. Дияала провинциясы, Ирак, 6 тамыз 2014 жыл.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Ирактағы христиандар тұратын ең үлкен қала - Каракош пен оның маңайын басып алып, ондаған мың адам босып кетуге мәжбүр болды. Қала 7 тамыз күні күрд сарбаздары шегінген соң басып алынған.

"Ислам мемлекеті" бұған қоса христиандар көп тұратын Тель-Кейф, Барателла және Карамлеш қалаларын да бақылауға алған.

Рим Папасы Франциск халықаралық қауымдастықты Ирактың солтүстік провинцияларындағы христиандарды қорғауға және оларға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.

Күрдтердің Киркук қаласында екі көлік жарылып, алты адам қаза тапты. Оқиға көршілес қалалардан келген босқындар паналап отырған шииттердің мешітінде болған.

Күрд телеарнасының хабарлауынша, 6 тамыз күні "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Күрдістанның әкімшілік орталығы Ирбил қаласынан 40 километр жердегі екі елді мекенді де басып алған.

XS
SM
MD
LG