Accessibility links

Қанат Ислам 18-кездесуінде де жеңіске жетті


Қанат Ислам менеджері Нельсон Лопеспен бірге тұр. (Сурет Nelsons компаниясының ресми сайтынан алынды)
Қанат Ислам менеджері Нельсон Лопеспен бірге тұр. (Сурет Nelsons компаниясының ресми сайтынан алынды)

Колумбияда өткен жекпе-жекте кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жергілікті боксшы Фидель Монтеррос Муньоспен кездесті. Сегіз раундтық матчтың бесінші раундында Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді.

Қазақ боксшысы осымен 18-кездесуін өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Қанат Ислам 15 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған.

29 жастағы боксшы 2008 жылы Пекинде өткен олимпиада ойындарына Қытай азаматы ретінде қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, 2012 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан еді.

Қазір Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида қаласында тұрып, сонда жаттығады.

XS
SM
MD
LG