Accessibility links

Борышкерлер Ресей консулынан көмек сұрады


Ресей елшілігі сайты. (Көрнекі сурет)
Ресей елшілігі сайты. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық банктерден ипотека бойынша несие алған бір топ борышкер Ресейдің бас консулы Алексей Деминмен кездесуге барды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, он шақты борышкер консулға қазақстандық банктерге ипотекалық қарыздарын төлеу мәселесін шешіп беруге көмек сұрап, Ресей үкіметінің атына хат тапсырды. Консул борышкерлердің хатын қабылдап алғанымен, елшілік Ресей заңдары бойынша "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" айтқан.

Борышкерлер бұған қоса белсенді Қанағат Тәкееваның "полицияның өзіне қысым көрсетуін тоқтатуға ықпал етуді сұраған" арызын да тапсырған. Консул Тәкееваның шағымына қатысты да "бөтен елдің ішкі шаруасына араласа алмайтынын", бірақ ол "Ресей тумасы болғандықтан" арызын қарастырып көретіндерін айтқан.

Қазақстанда банктерден несие алған борышкерлер бұған дейін де Алматы мен Астанада бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді. Соңғы рет олар 7 тамыз күні Ұлттық банкке барған.

Банкке борышын қайтара алмаған азаматтар билік пен банктерден берешек несие көлемі мен оның өсіміне байланысты дауларын шешуді талап етіп келеді. Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтынын айтса, банк өкілдері несие алған азаматтарға заң аясында талап қойып отырғандарын мәлімдейді.

XS
SM
MD
LG