Accessibility links

Донецк шетінде ұрыс жүріп жатыр


Украина армиясының "Град" зымырандары. Донецк маңы, 7 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина армиясының "Град" зымырандары. Донецк маңы, 7 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина қарулы күштері мен еріктілер батальоны Донецк шетіндегі Марьинка елді мекенін сепаратистерден азат етті. Бұл туралы "Донбасс" еріктілер жасағы Facebook арқылы хабарлады.

Хабарламада "қала маңында әлі де аздаған сепаратистер тобы бар екені" айтылған. Арнайы операция кезінде "Дондасс" батальоны олардың бекінген жерлерін байқап, атқылаған. Сепаратистер позициясынан Украина жауынгерлеріне снайпер оқ атқан.

Сепаратистер штабы Марьинканың бірнеше рет "қолдан қолға" өткенін хабарлады.

"Интерфакс" ақпараты бойынша, Марьинка Донецк қаласына жатады. Облыс орталығының батысында орналасқан.

Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" штабы "сенбіге ауған түні Донецкінің Текстильщик ықшам ауданын Украина армиясының артиллериямен атқылағанын" хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бомбалар "Колизей" түнгі клубы маңында жарылған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG