Accessibility links

Путин Әзербайжан және Армения басшыларымен кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Сочиде Әзербайдан президенті Ильхам Әлиев және Армения басшысы Серж Саргсянмен кездесіп, келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл кездесулер Таулы Қарабақ қақтығысы шиеленіскен тұста өтпек. Бұл сепаратистік аймақ үшін Әзербайжан мен Армения арасы ушығып тұр.

8 тамыз күні Әзербайжан қорғаныс министрлігі тұтқынға түскен Армения азаматы, 25 жастағы Карен Петросянның қайтыс болғанын хабарлады. Хабарламада 7 тамыз күні тұтқындалған азаматтың "белгісіз себеппен" дүние салғаны айтылған.

Армения сыртқы істер министрі Әзербайжанды "азаматымызды қинап өлтірді" деп айыптайды. Таулы Қарабақ қақтығысынан кейінгі күндері екі жақтан 20 адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG