Accessibility links

АҚШ Ирактағы содырларға екінші соққы берді


АҚШ-тың жойғыш ұшақтары. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тың жойғыш ұшақтары. (Көрнекі сурет)

АҚШ әскері Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларына екінші мәрте әуеден шабуыл жасады. 8 тамыз күні Пентагон "АҚШ-тың пилотсыз ұшақтары бір топ содырды және олардың миномет позициясын жойғанын" хабарлады.

Пентагонның баспасөз хатшысы контр-адмирал Джон Кирби "АҚШ-тың жойғыш ұшақтарының Эрбиль қаласы маңында жеті көліктен тұратын конвойды лазерлік нысанамен ататын бомбалармен жойғанын" мәлімдеді.

Ирактағы "Ислам мемлекеті" содырлары Эрбиль маңындағы күрд әскерін артиллериялық құрылғылармен атқылаған еді. Пентагон сол зеңбіректердің бірнешеуін жойғанын айтады.

АҚШ президенті Барак Обама 7 тамыз күні Ирактағы Американың әскери және дипломатиялық өкілдіктерін қорғау үшін содырларға әуеден шабуыл жасауға рұқсат берген еді. Ол бұл шабуылдардың "азшылық топтарға қарсы геноцидтің алдын алу" үшін де жасалатынын айтқан.

АҚШ ұшақтары босып кеткен езид азшылығы өкілдеріне азық-түлік пен қажетті заттар жеткізді. Мыңдаған езидтер қазір содырлар қоршауындағы Синжир тауын паналап жатыр.

XS
SM
MD
LG