Accessibility links

Түрме алдында Владимир Козловты қолдау шарасы өтті


Оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың жақтастары оны туған күнімен құттықтап түрме алдында акция өткізіп тұр. Заречный кенті, Алматы облысы. 10 тамыз 2014 жыл.
Оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың жақтастары оны туған күнімен құттықтап түрме алдында акция өткізіп тұр. Заречный кенті, Алматы облысы. 10 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Алматы маңындағы Заречный елдімекеніндегі түрменің жанына жиналған бір топ адам осы мекемеде сот жазасын өтеп жатқан Владимир Козловтың туған күніне арнап тұтқынды қолдау шарасын өткізді. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Денелеріне «Владимир Козловқа бостандық берілсін!» деген жазу мен оппозициялық қайраткердің суреті басылған кеудеше киіп алған акцияға қатысушылар «Туған күніңмен, Владимир!» деген транспорант ұстап тұрды. Бұдан соң Владимир Козловты 54 жасқа толуымен құттықтап жазылған хатты оған табыс етуге түрме күзетшілеріне берді.

Түрме жанындағы бейбіт сипатта өткен акцияны бірнеше полиция қызметкері мен жай киімдегі адамдар сырттай бақылап тұрды, бірақ ешкімді ұстаған жоқ.

Қазақстанда тіркелмеген, сот шешімімен қызметіне тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Козлов 2012 жылы қазан айында «мемлекеттік құрылымды күшпен құлатпақ болды» және 2011 жылдың желтоқсанындағы Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысы бар деген айыптармен жеті жарым жылға сотталған.

Құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Козловтың өзіне қарсы істің «саяси астары бар» деген уәжін қолдайды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG