Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында атыстан бір адам мерт болды


Тәжікстанмен шекаралас аймақтағы қырғыз шекарашыларының қарауыл мұнарасы. (Көрнекі сурет)
Тәжікстанмен шекаралас аймақтағы қырғыз шекарашыларының қарауыл мұнарасы. (Көрнекі сурет)

Қырғыз-тәжік шекарасында атыстан қырғызстандық бір азамат қаза тауып, екі адам жараланды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің ақпаратына қарағанда, 9 тамыз күні сағат 17:30 шамасында Тәжікстанның Тупакүл ауылы маңында тәжікстандық шекарашылар мен атқа мінген қырғызстандық қарулы үш адамның арасында атыс болған.

Тәжікстан шекара қызметінің мәліметінше, қарулы екі адам оқиға болған жерде ұсталған. Олардан аңшы мылтығы, мерген мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленген. Ұсталғандар қазір Тәжікстанның Жерге-Тал ауданында қамауда отыр. Оқиғаға қатысқан қырғызстандық үш азаматтың Ош облысының Чоң-Алай ауданы тұрғындары екені анықталған.

Шекарадағы төтенше оқиғаны тексеру үшін екі елдің шекара қызметінің өкілдері бүгін кездеседі.

XS
SM
MD
LG